Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыАват а/оАват ауылдық округінің әкімі Байтулақов Асыл Байтулақұлының 2018 жылғы атқарылған жұмыстары туралы округ тұрғындарының алдындағы

Ават ауылдық округінің әкімі Байтулақов Асыл Байтулақұлының 2018 жылғы атқарылған жұмыстары туралы округ тұрғындарының алдындағы

Е С Е Б І

Округ аумағында бір елді мекен бар: Ават ауылы. Округ аумағы –
1247 гектар. Елді мекеннің аумағы - 109 гектар. Аула саны – 1200 Сонымен
қатар, Ават ауылдық округіне қарасты 4 саяжай бар.
Ауылдық округте 15-тен астам ұлт өкілі тұрады. Жалпы халық саны -
6584 адам.
Ауылдық округтің экономикасының негізгі бағыты кәсіпкерлік және
өнеркәсіп.
 
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
Округ бойынша 110 жеке кәсіпкер тіркелген, ауылда қазіргі уақытта 34
дүкен, 11 кафе, 2 дәріхана, 1 сұлулық салоны, 2 дөңгелек жөндеу станциясы,
2 көлік жөндеу цехы, 5 жанармай құю бекеті қызмет жасайды.
Ірі және орта кәсіп субъектілері бойынша 13 жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі, 3 акционерлік қоғам тіркелген. Сонымен қатар, ауылда тас – құм
өңдейтін 7 карьер жұмыс істейді.
Жалпы округтегі кәсіпкерлердің қол астында қызмет атқаратын
қызметшілер мен жұмыскерлер саны 550 адам.
Округ аумағында жеке кәсіпкер Ж.Есіркепов жазғы демалыс орнын салуда,
қаражат құны 170 000 000 теңге
Жеке кәсіпкер Солихов Карахон мейрамхана, сауда орнын салуда,
Инвестиция құны: 60 000 000 теңге.
2017-2019 жылдар аралығында инвестиция тарту арқылы, жеке кәсіпкер
Сайдуллаев Аблеким Садыкович тігін цехы 65 адамды, жиһаз цехы 15
адамды жұмыспен қамтитын жұмыс орындары ашылды. Қазіргі уақытта
сауда орталығы , шағын кірпіш шығаратын цех , мейрамхана, құрылысы
салынуда, аталған объектілер ағымдағы жылы іске қосады Жалпы
инвестиция 1 млр. теңгені құрайды.
Құсфабрикасы «Алель-агро» 74 000 000 инвестиция салып қосымша тауық
етін өндіретін фабрикасы салынуда, құрылыс ағымдағы жылы бітеді деп
жоспарлануда.
 
Ауыл шаруашылығы.
Округтегі егіс алқабының мөлшері 565 гектар. Тіркелген шаруа
қожалықтарының саны – 205 Шаруа қожалықтарының негізгі өнімдері -
көкөніс, дәнді дақылдардан – жүгері.
Былтырғы жылы шаруа қожалықтары тарапынан дәнді дақылдар түрі
бойынша 130 гектар алқапқа - жүгері, 25 гектар алқапқа - карт
оп, 121 гектар алқапқа - көкеніс егілді. Жыл қорытындысының жиынтығы
бойынша 3341 тонна өнім жиналды.
Сонымен қоса ауылда құс шаруашылығының дамуы ауыл
шаруашылығына үлкен үлес қосуда, қазіргі уақытта округ бойынша құс
фабрикаларында 1 731 600 құс өсірілуде.
Жалпы, қазіргі уақытта, ірі қара мал саны 830, оның ішінде, сиыр саны
250, ұсақ мал саны – 1433, оның ішінде, қой саны 880, жылқы саны 45
 
Инфракурлым
Ават ауылында – 33 көше бар, автомобиль жолдарының жалпы
ұзындығы 31,15 км.
2018 жылы жергілікті бюджеттен және «Өңірлерді дамыту»
бағдарламасы аясында 6 000 000 ақша бөлініп Ават ауылының Победа, Абая
көшелеріне ағымдық жөндеу жұмысы жүргізілді.
Ауылдың белсенді жастарының ұйымдастыруымен ауылымызды
жарықтандыру мақсатында 33 көшеге 170 жарықтандыру лампалары
орнатылды, қаржы көлемі 935 000 тенге.
2018 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Ават ауылының су
құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 329 млн. теңге бөлініп,
соның 60 000 000 теңге қаражатына бак (резервуа) орнатты. 2019 жылы
ауылдағы су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталады
деп жоспарлануда.
Әкім аппаратының ұйымдастырумен «Алель - Агро» құсфабрикасы
мен «Асфальтобетон» заводының қолдауымен Ават ауылындағы облыстық
маңызы бар Мансуров көшесі арқылы өтетін Талғар өзенінің жағасына
нығайту жұмыстары жүргізілді. Жағаны нығайтуға 450 мың куб топырақ
төгілді, инвестиция көлемі 16 000 000 теңге. 2019 жылдың көктемінде жағаға
3000 ағаш көшетін ауыл тұрғындарының қолдауымен отырғызу
жоспарлануда.
 
Әлеуметтік колдау
2018 жылы округіміздегі көп балалы, жағдайы төмен 20 отбасына, яғни
105 адамға атаулы әлеуметтік жәрдемақы берілді. Қаражат соммасы
3 759 000 теңге. Жалғыз басты 11 қарияға отын және көмірмен көмек
көрсетілді.
Жақсылыққа жаны құмар жамағаттын қолдауымен әлеуметтік аз
қамтылған, көпбалалы отбасыларына, жетім-жесірлерге: «Мектепке жол»
қамқорлық акциясы негізінде 17 мектеп оқушысына киім-кешек, аяк киім,
сумка, оқу құралдарымен көмек көрсетілді, Шілде-тамыз айларында 34
мектеп оқушысы жазғы демалыс лагеріне жіберілді. «Мейірбандылық -
жүректен, қайырымдылық – білектен» қамқорлық акциясы негізгі 10
отбасына азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. сондай ақ «Жаңа жыл»
мерекесіне орай 45 мектеп оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар алынды, жыл
ішінде қамқорлық акцияларына кеткен қаражат соммасы: 700 000 теңге.
 
Білім беру саласы
О.Мухаммадий атындағы орта мектебі 940 орынды мектеп. Мектепте
97 мұғалім жұмыс істейді. 2018-2019 оқу жылын қыркүйек айында 1096
оқушымен бастаған. Қазақ сыныбында - 156 оқушы, ұйғыр сыныбында -149,
орыс сыныбында - 729 оқушы оқиды. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы
бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші 55 %.
Округте жалпы 4 бала – бақша жұмыс істейді, жалпы бала-бақшадағы
бала саны 520 оның ішінде 175 мектепке дейінгі бала тәрбиеленуде.
(120 балаға арналған «Балауса» балабақшасы, 75 балаға арналған
«Балапанчик» бала – бақшасы, 150 орынды «Дилана» балабақшасы, 25 бала
арналған «Гулдер» балабақшасы.)
2018 жылдың ақпан айында 150 орынды «Жаннур» балабақшасы
пайдалануға берілді. Жоба құны 96 миллион теңге. Осы балабақша
округіміздің 25 азаматын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.
 
Денсаулық сақтау саласы
Округте 1 дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарына қызмет
көрсетеді. Амбулаторияда қазіргі уақытта 3 дәрігер, 15 орта буын медицина
қызметкері жұмыс жасайды. 2018 жылы округтегі медициналық мекеменің
дәрігерлері 3350 адам қабылдады.
Ават ауылдық округіне 2019 жыл басында төртінші дәрежелі жедел
жәрдем қызметі қосылып жұмыс жасауда, яғни созылмалы ауыру
сатысындағы науқастарға алғашқы көмек көрсетеді. Төртінші дәрежелі
жедел жәрдем қызметі Ават, Жаңашар және Бәйтерек ауылдық округтерінің
халқына қызмет жасайды
 
Салық түсімі
2018 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен салық
көлемі 34 220 572 тенге
Атап өтсек
жер салығы - 2 млн 918 теңгені құрап отыр.
мүлік салығы - 942 мың 113 теңге.
автокөлік салығы, 19 млн. 076 мың 703,6 теңге,
жеке табыс салығы бойынша 11 млн,283 мың,765,9 теңге,
 
Демография саласы
2018 жылы округ бойынша 101 сәби дүниеге келді, қайтыс болған
адамдардың саны - 17 Өсім – 84 адам.
 
Қоғамдық қауіпсіздік
2018 жылы 41 қылмыс тіркелді, Адам өлімі 1, ұрлық 27, мал ұрлығы 3,
басқада қылмыс түрлері 10 59-пайызы ашылды Қылмыстар 2017 жылмен
салыстырғанда 15 пайызға азайған.
 
Жастар, спорт, мәдениет және дін
Округте Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері аталып
өтуде, әкім аппаратының басшылығымен, атап айтсақ:
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай «Ешкім де
ұмытылмайды, Ешнәрсе де ұмыт қалмайды!» атты акциясы негізінде Ұлы
Отан соғысының 26 тыл еңбеккері мен ауған соғысының 5 ардагеріне
құттықтау сыйлықтары табыс етілді.
Округімізде жыл сайын Абдукахар Иминовты еске алу мақсатында
футболдан, сонымен қатар, ҰОС ардагерін Маматьяр Мансуровты еске алу
мақсатында волейболдан турнирлар өткізіліп тұрады.
Ават ауылдық округі бойынша бүгінгі күні мұсылман діни бірлестігі
жұмыс атқаруда. 2018 жылы мамыр айында жеке кәсіпкер Смаилов
Абликимнің қолдауымен ауыл мешітінің қасынан 800 орынды құдай тамақ
бергенге хатымхана салынып халық үшін жұмыс жасауда. Инвистица көлемі
75 000 000 теңге.
Жоспар 2018 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Ават ауылының су
құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 329 млн. теңге бөлініп,
соның 60 000 000 теңге қаражатына бак (резервуар) орнатты. 2019 жылы
ауылдағы су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталады
деп жоспарлануда.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 22 000 000 миллион теңге
қаржы бөлініп 2019 жылы ағымдағы жол жөндеу жумыстары жоспарлануда!
Талгар өзенінің жағасына 3000 агаш кошетін отырғызу жоспарлануда одан
басқа .
Жастардан құралған ақпараттық топтардың жұмыстарын үйлестіру
Қазахстан Республикасының Президенті жыл сайынғы Жолдауын
мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға байланысты мемлекеттік
бағдарламаларды насихаттау және түсіндіру бойынша іс шараларды өткізу.
Жастар ден саулығы – ұлт денсаулығы Суицид тығырықтан шығар жол емес
Отбасы - рухани жаңғыру негізі жастармен пікір талас өткізу.
Құрметті округ тұрғындары
Осындай ауқымды жұмыстар біздің округімізде іске асырылуына
әрине ең біріншіден Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылғы
Жолдауындағы тапсырмаларының жемісі, сондай-ақ облысымыздың
басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қолдауымен және аудан әкімі
Бинәлі Әбдіқапасұлы Ысқақтың беделі мен абыройының тікелей басшылығы
деп білемін.
Біздің күнделікті жұмысымызда кемшіліктер жоқ емес. Бүгінгі күнде
округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда әлі де атқарылатын
қыруар жұмыстар бар.
Өз есебімді аяқтамас бұрын шын жүректен округіміздің өркендеуіне,
әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген демеушілерге, округ тұрғындарына,
ардагерлерге, ақсақалдарға, жеке кәсіпкерлерге, оқу орындарының барлық
ұстаздарына, осы залда қатысып отырған баршаларыңызға алғысымды
білдіргім келеді.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру