Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыАват а/оАват ауылдық округінің әкімі Мадьяров Тимур Сулейменовичтың 2019 жылғы атқарылған жұмыстары туралы округ тұрғындарының алдындағы Е С Е Б І

Ават ауылдық округінің әкімі Мадьяров Тимур Сулейменовичтың 2019 жылғы атқарылған жұмыстары туралы округ тұрғындарының алдындағы Е С Е Б І

Ават ауылдық округінің әкімі

Мадьяров Тимур Сулейменовичтың

2019 жылғы атқарылған жұмыстары туралы

округ тұрғындарының алдындағы

Е С Е Б І

 

            Округ аумағында бір елді мекен бар: Ават ауылы. Округ аумағы – 1247 гектар. Елді мекеннің аумағы - 109 гектар. Аула саны – 1200. Сонымен қатар, Ават ауылдық округіне қарасты 4 саяжай бар. (бағдаршам, эдельвейс, солнечная поляна, АТТУ )

Ауылдық округте 15-тен астам ұлт өкілі тұрады. Жалпы халық саны - 6645 адам. 2019 жылы округ бойынша 80 сәби дүниеге келді, қайтыс болған адамдардың саны - 19. Өсім – 61 адам.

Ауылдық округтің экономикасының негізгі бағыты кәсіпкерлік және өнеркәсіп.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

Округ бойынша 123 жеке кәсіпкер тіркелген, ауылда қазіргі уақытта 45 дүкен, 11 кафе, 2 дәріхана, 2 сұлулық салоны, 2 дөңгелек жөндеу станциясы, 2 көлік жөндеу цехы, 5 жанармай құю бекеті қызмет жасайды.

Ірі және орта кәсіп субъектілері бойынша 13 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 3 акционерлік қоғам тіркелген. Сонымен қатар, ауылда тас – құм өңдейтін 7 карьер жұмыс істейді.

        Жалпы округтегі кәсіпкерлердің қол астында қызмет атқаратын қызметшілер мен жұмыскерлер саны 639 адам.

Құс фабрикасы «Алель-агро» 2019 жылы 74 000 000 инвестиция салып қосымша тауық етін өндіретін фабрикасын іске қосты. 35 азаматты жұмыспен қамтуда.

Жеке кәсіпкер Ибрагимов Абдулжан 2019 жылы 30 000 000 қаражат жұмсап мейрамхана салып, жұмыс жасауда. Қосымша 10 азаматты жұмыспен қамтуда.

2020 жылы 2 мейрамхана, 1 жазғы демалыс орны, 1 сауда орталығы құрылыс жұмыстарын аяқтап қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығы.

      Округтегі егіс алқабының мөлшері 592 гектар. Тіркелген шаруа қожалықтарының саны – 205. Шаруа қожалықтарының негізгі өнімдері - көкөніс, дәнді дақылдардан – жүгері.

        Былтырғы жылы шаруа қожалықтары тарапынан дәнді дақылдар түрі бойынша 78 гектар алқапқа - жүгері, 25 гектар алқапқа - карт                                                                                                                                                                         оп, 124 гектар алқапқа - көкеніс, 65 гектар алқапқа майлы бұршақ, 300 гектар алқапқа көп жылдық шөп егілді. Жыл қорытындысының жиынтығы бойынша 10 793 тонна өнім жиналды.

           Сонымен қоса ауылда құс шаруашылығының дамуы ауыл шаруашылығына үлкен үлес қосуда, қазіргі уақытта округ бойынша құс фабрикаларында 1 738 000 құс өсірілуде.

       Жалпы, қазіргі уақытта, ірі қара мал саны 840, оның ішінде: сиыр саны 277. Ұсақ мал саны – 1548. жылқы саны 62.

Инфракурлым

Ават ауылында – 33 көше бар, автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы      31,15 км.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 4 651 шаршы метр көлеміндегі Алмалы, Жібек жолы, Жетісу, Достық, Мансуров көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаражат соммасы 16 202 080 теңге.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Ават ауылының су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары 80 % аяқталды, игерілген қаражат соммасы 341 млн.теңге. Барлық бөлінген қаражат соммасы 466 млн.тг.

Ават ауылы, Дормастер көшесіне өтетін «Көпірге» орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Қаражат соммасы 19 млн.864 мың.тенге.

2019 жылдың көктемінде Ават ауылдық округі әкімшілігінің бастамасымен ауыл кәсіпкерлері мен ауыл жастарының қолдауымен Ават ауылындағы облыстық маңызы бар Мансуров көшесінің бойымен өтетін Талғар өзенінің жағасына 1500 ағаш көшеті отырғызылды.

2019 жылы Ават ауылдық округі, Ават ауылына «Өрт сөндіру» пункті орнатылып 4 адам жұмысқа орналастырылды.

 

Әлеуметтік колдау

     2019 жылы округіміздегі көп балалы, жағдайы төмен отбасы деп танылған 156 отбасына, яғни 795 адамға атаулы әлеуметтік жәрдемақысы берілді. Қаражат соммасы 88 594 800 теңге.

             «Мектепке жол» қамқорлық акциясы негізінде көмекке мұқтаж отбасыларынан шыққан 57 оқушыға мектепке қажет киім кешектері мен оқу-құралдары алынды. Жалпыға бірдей оқыту есебінен – 180 оқушы және жалға алушылар есебінен 10 оқушы тегін тамақтанумен қамтылуда. Жалпыға бірдей оқыту есебінен 20 оқушы жазғы лагерге жіберілді. Сондай-ақ ауылымыздың 30 жанұясына азық-түлік себетімен көмектер көрсетілді. Жыл ішінде қамқорлық акцияларына кеткен қаражат соммасы:               1 420 000 теңге.

Білім беру саласы

О.Мухаммадий атындағы орта мектебі 940 орынды мектеп. Мектепте 97 мұғалім жұмыс істейді. 2019-2020 оқу жылын қыркүйек айында 1081 оқушымен бастаған. Қазақ сыныбында - 170 оқушы, ұйғыр сыныбында -148, орыс сыныбында - 763 оқушы оқиды. Округ бойынша мектепке дейінгі бала саны 171. 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші 58,7 %.

       Округте жалпы 6 бала – бақша жұмыс істейді, бала-бақшадағы бала саны 560.

Атап айтсақ (120 балаға арналған «Балауса» балабақшасы, 75 балаға арналған «Радуга» балабақшасы, 150 орынды «Дилана» балабақшасы, 125 бала арналған «Жан-нур» балабақшасы, 50 балаға арналған «Гулдер» және «Алпамыс» балабақшалары) жқмыс жасауда.

 

Денсаулық сақтау саласы

Округте 1 дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Амбулаторияда қазіргі уақытта 2 дәрігер, 10 орта буын медицина қызметкері жұмыс жасайды.

Ават ауылдық округінде 2019 жыл басынан төртінші дәрежелі жедел жәрдем қызметі қосылып жұмыс жасауда, яғни созылмалы ауыру сатысындағы науқастарға алғашқы көмек көрсетеді. Төртінші дәрежелі жедел жәрдем қызметі Ават, Жаңашар және Бәйтерек ауылдық округтерінің халқына қызмет жасайды.

Салық түсімі

2019 жыл  бойынша  жеке және заңды тұлғалардан түскен салық       көлемі     38 984 703 тенге

       Атап өтсек

        жер салығы - 2 млн 914 719 теңгені құрап отыр.

        мүлік салығы -  1 млн 150 713 теңге.

       автокөлік салығы - 19 млн 970 918 теңге, 

       жеке табыс салығы бойынша 14 млн 356 098 теңге, 2019 жылы округ бойынша салық түсімі 118% орындалды.

Қоғамдық қауіпсіздік

2019 жылы 35 қылмыс тіркелді, ұрлық 29, басқада қылмыс түрлері 6. 63-пайызы ашылды Қылмыстар 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға азайған.

Жастар, спорт, мәдениет және дін

Қазіргі уақытта мәдениет үйінде әр түрлі үйірмелер бар, мереке күндеріне орай көптеген мәдени іс-шаралар өткізілуде. Округ бойынша өткізіліп жатқан мәдени - көпшілік іс – шаралар ауыл тұрғындарын, әсіресе, жастар арасында мемлекеттік тілді дамыту және оны күнделекті қолдану, мемлекеттік рәміздерін, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, сол арқылы жастарды Қазақстандық патриотизмге тәрбилеу, ұлтаралық келісімді, достықты, бірлікті нығайтуға бағытталып отырғаны белгілі.  Ауыл жастарын спортқа және дене шынықтыруға тарту мақсатында әр түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Округте Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері аталып өтуде, әкім аппаратының басшылығымен, атап айтсақ:

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «Ауылым алтын бесігім» атты Ават ауылындағы ауылдық мәдениет үйлері арасындағы облыстық байқау өткізіліп, облыс әкімінің «Ең үздік өткізілген іс-шара»
номинациясыбойынша дипломмен марапатталды.

Ұлы Отан соғысының Жеңістің 74 жылдығына,

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне,

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне,

Тұңғыш Президент күніне орай қайрымдылық іс-шаралары өткізілді.

Ауданымыздың жас кәсіпкері, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Наниев Ислам Сарвановичтың арнайы ұйымдастырылған жаңа жылдық шыршасына ауылымыздың 50 бүлдіршіні қатысып қуанышқа кенелді.

Бүгінгі күні діннің қоғамдағы рөлі ерекше. Осыған байланысты ауыл тұрғындарының теріс ағымға бейімделмеуі, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің пайда болмауын, жалпы алдын-алу мақсатында округ тұрғындарымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар ұйымдастырылып өткізілуде.

Жоспар

2020 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Ават ауылының су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталады деп жоспарлануда.

Ават ауылдық округі әкімінің аппаратының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Ават ауылындағы Омар Мухаммадий орта мектебінің ескі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Округ аумағындағы Д.Қонаев атындағы ҮАК (Улкен Алматы Каналы) 25 километрдегі Оң түстік жағында «Талғар» өзенінің көпіріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Ават ауылдық округі, Ават ауылы арқылы өтетін Республикалық маңызы бар Құлжа тас жолы 2,5 шақырымынжарықтандыру.

Құрметті ауыл тұрғындары!

     2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар ауыл тұрғындарының көңілінен шықты деп ойлаймын.

     Ендігі алда тұрған мақсат ауылымыздың жаңа жылда атқаратын міндеттер мен іс шараларды абыроймен жүзеге асырып, еліміздегі ұзақ мерзімге бағытталған «Қазақстан-2050 Стратегиясын» орындауға үлесімізді қосу. Ең бастысы ауылдағы халықтың бірлігін, достығын, ынтымағын нығайтуға, ел экономикасын, мәдениетін дамытуға күш салайық!    

     Бұл жолда біздің басты құндылығымыз – берекелі бірлігіміз. 2020 жыл ортақ Отанымызды өркен­дететін жаңа ұлы жетістіктерге, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізер жыл болсын! Әрбір отбасына мықты денсаулық, құт-береке мен тұрақтылық тілеймін. Қазақстанымыз нығайып, өркендей берсін! Біздің біртұтас еліміз – Мәңгілік Ел айбарлы да қуатты болсын!

                               Назарларыңызға рахмет!!!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру