
«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАҒА АУЫСУ БОЙЫНША АСЫ АУЫЛДЫҚ
ОКРУГІ АУМАҒЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
"Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі
тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру және Қазақстан
Республикасының Үкіметімен бекітілген Қазақстан Республикасының
"жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған
тұжырымдаманы іске асыру (бұдан әрі – жоспар) мақсатында Асы ауылдық
округі көлемінде «Жасыл» экономиканы дамытудың негізгі бағыттары
бойынша жұмыстар атқарылуда. Округ тұрғындарының негізгі тіршілік көзі
ауылшаруашылығы болғандықтан, шаруа қожалықтары жердің
құнарлылығын сақтауға басты назар аударып отыр. Су үнемдеу
технологиясы бойынша 2018жылы Қызылшарық ауылында «Ала Матерс
Филдс» ЖШС 154 га алқапқа,126 га отырғызылды, 150 адамға жұмыс орны
ашылды. Асысаға ауылында «Био Терра» ЖШС 82,5 га алқапқа интенсивті
бақ отырғызды. Бұл өз кезегіде 200-ге жуық жұмыс орны ашылып,
халықтың әл-ауқатының көтерілуіне септігін тигізіп отыр. «Ақбар» шаруа
қожалық басшысы Омаров Акрамда жалпы алан 3,6 га құлпынай егіп, 1,8
тн/га өнімділікне ие болды, 50 адамға жұмыс орны ашылды.