Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыАсы а/оӘкімнің есебі

Әкімнің есебі

Құрметті Бинәлі Әбдіқапасұлы! Құрметті ауыл тұрғындары!

      Ауылдық округ әкімі және оның аппараты, өз өкілеттігі шеңберінде, округ аумағында, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен қаулыларын басшылыққа ала отырып, олардың заңдылықтарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету жолында жұмыстар атқаруда.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың басты субъектісі болып табылатын жергілікті қауымдастықтың 41 мүшесі бөлек жиындар арқылы қайта сайланды. Төрт жылдық мерзімге 15 жиналыс құрамы айқындалды. Есептік кезеңде жергілікті  бюджет жобасын талқылау, бекіту бойынша - 4 рет, бюджеттің игерілуінің мониторинг нәтижелері бойынша – 2 рет, ономастика, округ әкімін сайлау бойынша аудан әкімі ұсынған кандидатураларды келісу, ауыз су жүйелерін ағымдағы  жөндеу және округтің өзекті мәселелері бойынша жалпы 2 жиын, 6 жиналыс өткізілді.

         2017 жылға округке трансферттен 19 миллион 103 мың теңге,игерілуі 100 пайыз , аппараттың қызметін қамтамасыз етуге 23 млн 292 мың  бөлініп, жылдық бюджеттің игерілуі 99,9 пайыз.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде 2018 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейінің енгізілуіне байланысты, негізгі кіріс көзі салықтық түсімдері болғандықтан, салық төлейтін объектілерді түгендеп, анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2016 жылы мүлік, жер, көлік салықтарын төлейтін объектілердің саны 8027 болса, 2017 жылы  489 –ға артып, 8516 объектіні құрап отыр. Округтегі жаңадан салынып жатқан    құрылыс нысандарына   құжаттарын рәсімдеп, қалғанына ескерту қағаздары таратылды. Салық төлемдері бойынша берешектер:

         Жер салығы- берешектер-178,4 теңге, -42,1%.

Мүлік салығы –берешектер-205,7 теңге, -40,3%.

Көлік салығы-  10390,6 теңге, орындалғаны 6232,7 теңге болып  отыр.

2017 жылдың   округке жалпы көлемі  3 млрд 100 мың теңге инвестиция тартылып, 230 маусымдық және 40 тұрақты  жұмыс орны ашылды.

2018 жылға «Бекарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 50 га алқапқа алма бақ отырғызуға  335 млн теңге инвестиция салу жоспарлауда. Бұл өз кезегінде 40-қа жуық жұмыс орынын толықтырады.

2017  жылы  тартылған инвестиция көлемі

Аталуы жұмыс орны инвестиция көлемі
тұрақты маусымдық
1 «Алма Матерс Филдс»ЖШС  30 150 2 000 000 000
2 «Био Терра» 10 80 1 100 000 000
Барлығы:  40 230 3 100 000 000

Есепті кезеңде 5 жаңа жеке кәсіпкерлік нысаны ашылып, 57 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде.

    «ТТ КZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 400 бас қой бордақылау алаңын іске қосып, келешекте сүт бағытындағы ферма ашу мақсатында 50 млн теңге инвестиция тарту жоспарлауда.

Шаруа қожалықтары ауылшаруашылығы техникалары мен агрегаттарды сатып алуда.

 Мал басы саны былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда өсім бар.

Білім саласы бойынша

Округ көлемінде төрт орта, бір негізгі орталау мектеп бар. Жалпы саны 1571 оқушы білім алуда.  

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 63,5 %  құрап отыр.

120 орындық Жаңашаруа орта мектебінің ашылу салтанаты өтті.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 150 бала қамтылған, онда 36 маман жұмыс істеуде.Қызылшарық ауылындағы «Балдаурен» балабақшасында 100 бала тәрбиеленуде, Т.Қабылов атындағы орта мектеп жанындағы шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде.Алайда Қайрат ауылынан 30 бала, Жаңашаруа ауылынан 7 бала көрші ауылдардағы балабақшаға ата-аналарының тасымалдауымен қатынасып жүр.

М. Әуезов атындағы орта мектептің ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Округте 3 ауылдық дәрігерлік амбулатория мен 2 фелдшерлік пунктте 6 дәрігер, 58 медициналық қызметкер жұмыс істейді.  Амбулаториялар үш  уаз автокөлігімен қамтылған. Барлық дәрігерлік амбулаториялардың ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді.

Округ аумағында    демеушілердің көмегімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған түрлі санаттағы тұрғындарға  қайырымдылық  көмек  көрсетілуде. Былтырғы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі барлығы 130 балаға Жаңажылдық шырша ұйымдастырылды. Үстіміздегі жылы 50-ге жуық баланы қамтып өткізілді.  Атап айтсақ, «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған  елу сегіз оқушы қажетті құрал жабдықтармен, «Балаға мейірім» акциясы аясында 100 балаға 1 млн 700 мың теңгеге қысқы киіммен  қамтамасыз етілді. 4  отбасына қысқы ағаш отынмен, көмірмен қамтылды. 78 балаға жазғы лагерьге жолдама берілді. Мүмкіндігі шектеулі бір азаматша арнайы арбамен, азық түлік себетімен қамтамасыз етілді.   

Халықты әлеуметтік қорғау

30 адам жұмыссыз ретінде  тіркеліп, ақылы  қоғамдық жұмысқа тартылды, кәсіби даярлау курсында 6 адам оқыды.

       Округтегі 7 елді мекенде 9565  адам тұрады. Зейнеткерлер -1064, Алтын және күміс  алқа иегерлері-228, мүгедектер(1,2 топтағылар)-166, 3 топтағы -114, көп балалы отбасы-177, асыраушысынан айырылған отбасы-61.

Атаулы әлеуметтік көмек 1 отбасына (2 адам) 81198 теңге төленді. 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына төленетін мемлекеттік жәрдемақы   85 отбасына (299 бала) -5 млн.840609 мың теңге төленді. Тұрмысы төмен отбасыларына берілетін тұрғын үй көмегі 116 отбасына-4 млн 275414 мың теңге болып отыр. Бюджеттік сала қызметкерлеріне  отын сатып алуға төленетін біржолғы көмек  өткен жылы 310 адамға 3 млн 539640 мың  теңге төленді. Туберкулезбен ауыратын 9 адамға жәрдемақы 374385 теңге төленді. Өрлеу бойынша 23 отбасына (120 адам) 547140 теңге төленді.

Округтегі демографиялық өсу бір қалыпты жағдайда, 2017 жылы 150 бала дүниеге келсе, 70 адам қайтыс  болып отыр.

Қылмыс, құқық бұзушылық.

Қылмыс 2016 жылы 37/28 болса , 2017 жылы 24/17 азайған. Қылмыстың ашылуы 71 % құрайды. Қылмыстың ашылуы учаскелік инспекторлардың қажырлы еңбегімен қатар, ауыл ақсақалдарының, әйелдер кеңесінің еңбегінің нәтижесі. Кейбір ұсақ тәртіп бұзушылықтарды медиациялық жолмен шешіп, үнемі тәртіп бұзушылықтың алдын  алу шараларын жүргізіп отырады.Учаскелік инспектор М. Сыбанбеков өз  баяндамасында тоқталады.

 

Ауыз су.

Қызылшарық, Дихан ауылдарының ауыз су жүйесі «Шелек су құбыры» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізіліп, қалыпты жұмыс істеп тұр.

Ауыз су төлемдеріне тұрғындардың берешегі жоқ.Төлем су есептегіш құралдарымен жүргізіледі.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 14 млн 700 мың теңгеге Асысаға, Қайрат, Жаңашаруа ауылдарында  ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дегенмен осы үш ауылдың ауыз су жүйесі 1969-1975 жылдары жасалғандықтан қиындықтар туғызып келеді. Келешекте Асысаға,Қайрат ауылдарындағы ауыз су жүйесін күрделі жөндеуге қаржы қарастырылса деген сұраныс білдіргім келеді.

Автомобиль жолдары.

 Барлық ауылдардың ішкі жолдарын күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарына сұраныс берілді. Биылғы жылы Қайрат ауылына   2800 м²асфальт төселді.

Алайда Қызылшарық-Асысаға, Қызылшарық-Жаңашаруа бағытындағы ауыл аралық жолдар жөндеуді талап етеді.

Округ бойынша көктемгі, күзгі санитарлық тазалық айлықтарында     220 тонна күл-қоқыс шығарылып, аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар айлық бойы әрбір аулаға   хабарламалар таратылып , ауыр жүк көлігі, жолаушы тасымалдайтын жүргізушілерге жол бойына қоқыс тастамау туралы ескерту хабарламалар жеткізілді. Тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын  мекемелермен келісім жұмыстары жүргізілуде.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген бағыттар бойынша Туған жердің тарихын зерттеу, ауылдан шыққан тұлғаларды таныту, Ұрпақтар сабақтастығы, жалпы қоғамдық сананы жаңғыртуға   арнайы ісшара жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. 16 ұлт өкілінен құралған  9565  халық тұратын округтің қоғамдық саяси ахуал, ұлтаралық қарым-қатынасы тұрақты. Барлық мемлекеттік және кәсіби мерекелер ынтымақ пен бірлікте кең ауқымда аталып өтеді.

Жалпы  үстіміздегі жылы 11 шілдеде  жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 4 деңгейлі бюджеттің енгізілуіне байланысты ауыл әкімдерінің қызметіне қатысты барлық құқықтық нормативтік актілер қамтылған. Қабылданған заңдарға сәйкес ауыл әкімдеріне жүктелер жауапкершілікті терең сезіне отырып, келешекте алдымызға қойған міндеттерді мүлтіксіз орындауға ізденіспен еңбек етеміз.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру