Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚаракемер а/оҚазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2019 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2019 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша АҚПАРАТ

Қаракемер ауылдық округінде Қазақстан Республикасының 2015-2025
жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру
жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары
бекітіліп, төмендегідей бағыттарда нақты жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңының 8 бабының 5-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы округ әкімінің 2019 жылғы
15 қазандағы №63 өкімімен бекітілген және тоқсан сайын анализдік талдау
жүргізіліп, аудан әкімдігінің www.enbekshikazah.gov.kz ресми сайтында
жарияланып отырылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңының 7 быбына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мониторинг жүргізілуде. 2019 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша округке қарасты
мекемелердегі мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлерінің
тарапынан Заңнамалардың талаптарын бұзу фактісі орын алған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңының 10 быбына сәйкес округ әкімінің 2019 жылғы 16 қазандағы
№66 өкімімен Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.
«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің тарапынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға
өтініш білдірген азаматтарды бірыңғай кезекке қою жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және
шектеулер мәселелері бойынша талаптар сақталуда.
Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылу барысы туралы жоспарға
сәйкес атқарылған жұмыстардың есептері аудан әкімдігінің
www.enbekshikazah.gov.kz ресми сайтында, БАҚ беттерінде және әлеуметтік
желілерде жарияланып отырылады.
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсаны бойынша білім беру мекемелерінде
«Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті», «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты
тақырыптарда мәдени, спорттық шаралар өткізілді. Барлығы 2 кездесу,
1 дөңгелек үстел, 2 спортық жарыстар ұйымдастырылып, 500-ден аса ауыл
тұрғындары қамтылды.
Әкім аппаратының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнаманы білуіне тестілеу жүргізу ағымдағы жылдың ІV тоқсанда өткізу
жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында
«Тексерушілерге, іс-сапармен келгендерге баратын мекемелерден ақылы
қызметтерді алуға тыйым салу туралы» жадынаманы округке қарасты барлық
мекемелерге таратылды. Барлығы 20 дана үлестірілді.
Қаракемер ауылдық округінде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Ұлттық бюросымен ұйымдастырылған «1424» Саll орталығының қызмет
істейтіндігі туралы ақпараты бар пилиондар ауыл аумағында
орналастырылды.
Әкім аппаратында әкімге және әкім аппаратының жұмыстарына
ұсыныс пікірлер үшін арналған сенім жәшігі орналасқан, әр апта сайын
жәшікке түскен хат - хабарлар бар-жоғы тексеріліп тұрады. Аталған мәселе
бойынша тұрғындар тарапынан жәшікке хат-хабар түскен жоқ.
Сонымен қатар, «Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында ауылдық
округ әкімі аппаратының мамандары ай сайын «Нақты уақытта электрондық
қызметтер» атты акциясын өткізіп отырады.
Мемлекеттік қызмет алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау
мақсатында «Сервистік әкімдік» жобасын қабылдау, іске асыру кезінде
агенттіктің бастамалары туралы түсіндіру жұмысы және қолданыстағы
заңнама бойынша құқықтық көмек көрсету тұрақты негізде қамтамасыз
етіледі.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында «Жетісу-адалдық
алаңы» жобасын жүзеге асыру барысында ауылдық округ әкімі аппаратының
мамандары Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» Заңының 9 бабының 3 тармағы бойынша кәсіпкерлер мен
қоғамдық белсенділерді тұрақты түрде қабылдайды. «Жетісу-адалдық
алаңы» жобасы аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат тұрақты түрде
интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы жарияланады.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру