Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыАқши а/о2019-2021 ЖЫЛ АРАЛЫҒЫНА Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округінің ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2019-2021 ЖЫЛ АРАЛЫҒЫНА Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округінің ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық

жиналысының хаттамасымен

бекітілген

№_____

«     » «___________» 20   жыл

2019-2021 ЖЫЛ АРАЛЫҒЫНА

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

(аудан және облыс атауы)

Ақши ауылдық округінің

(ауылдық округ, ауыл, аудандық атауы)

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әзірлеген: Еңбекшіқазақ ауданы

«Ақши ауылдық округ

әкімі аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

Бағдарламаның аты

2019-2021 жыл аралығына   Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округінің дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

-       Ақши ауылдық округі 1965 жылы құралған, 4 ауылдан тұрады: Ақши ауылы – ауылдық округтің орталығы, Казатком ауылы, Қайрат ауылы, Саз ауылы.

-       Округ тұрғындары 6629 адамды құрайды.

-       Округ аумағы 24301,1 га құрайды.

-       Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 25.05.2014 ж. Өкілеттік мерзімі 4 жыл.

-       Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерінің саны – 21 адам.

 

ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1. Ақши ауылдық округінің

социалды – экономикалық дамуының талдауы

            2019-2020 жыл аралығына Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округінің дамыту бағдарламасы.

            Халық саны 2019 жылдың 1 қаңтарына 6629 адамды құрайды.

            Ауылдық округ аумағында 97 – шаруа қожалығы бар, 1 – ЖШС тіркелген: «Агро Экспорт Импорт» шаруа қожалықтарының негізгі қызметі болып табылады, жеке кәсіпкерлер - 87, оларда 120 адам жұмыс істейді. Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі бағыты: өсімдік және мал шаруашылығы.

           

            Бюджет және жеке кіріс

            Ауылдық бюджеттегі жеке қаражат 2018 жылға 98,9% орындалды, жоспар бойынша 21680,0 мың теңге түскені 21675,0 мың теңге.

            2018 жылға шығыс 98,9% орындалды, жоспар бойынша 51155,0 мың теңгеден жұмсалғаны 50,615,0 мың теңге.

 

            Өнер кәсіп

            Өнеркәсіпте соңғы 20018–2019 жылдары әсіресе түйіршіктелген жоңышқа өңдеуде қарқынды дамып келе жатыр. ТОО «АгроЭкпорт импорт», онда 30 жұмыс орны ашылған. Қуаттылығы жылына 25 тонна. Қазіргі уақытта барлық салаларға инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.

 

            Кәсіпкерлік

Ауылдық округ аумағында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің саны 2018 жылы 187 құрады, оның ішінде1 ЖШС, 97 шаруа қожалығы, 87 ЖК, 245 адам жұмыспен қамтылған.

 

            Ауыл шаруашылығы

            Жалпы ауыл шаруашылығы жерлері – 23 153 га, соның ішінде егістік жерлер – 4152 га, оның ішінде суармалы егістік жерлер – 2554 га, шабындықтар – 2576 га, жайылым – 11912 га.

            2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша: ІҚМ саны – 4021 бас, соның ішінде сиырлар – 1464 бас, ҰМІҚ – 12 719 бас, жылқы - 1080 бас, құстар 21446 құрады.

            69 ауылшаруашылық техникалар тіркелген, оның ішінде 25 – трактор, 2 –комбайн және 42 – басқа.

 

            Сумен жабдықтау және су бұру

            Ақши ауылындағы су құбырының жалпы ұзындығы 11,62 шақырым. Орталық сумен жабдықтауды пайдаланатындардың саны 5270 құрайды. Сумен жабдықтау желілерін салу жылы 2016 ж. Қызмет көрсету ұйымы МКМ «Есік су құбыры».

            Округ бойынша артезиан ұңғымасын пайдаланатын отбасылар саны - 1359

            Су құбырының жалпы ұзындығы 22,8 шақырым.

 

            Электрмен және жылумен жабдықтау

            Ақшы ауылдық округіндегі электр беру желілерінің жалпы ұзындығы - 69,66 км, тозуы -65%. Трансформаторлық қосалқы станция -25 дана. ТҚС тозуы 60%. АҚ «АЖК»-ның бухгалтерлік балансында және қызметінде тұрады.

            Ауылдық округтегі аулалардың саны 1069. Автономды жылытуда.

 

            Көлік және байланыс

            Ауылдық округтегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 22,3 шақырымды құрайды, оның ішінде 11,18 шақырым асфальтталған, 11,13 шақырым топырақ жол.

 

            Білім беру

            2012 жылы 600 оқушыға арналған үлкен сыныптарымен, спорт залы және кітапханасы бар жаңа орта мектеп салынды.Жалпы ауданы 5 мың 620 шаршы метр. Барлығы 773 оқушы білім алады. 66 мұғалім жұмыс істейді. Жылыту түрі – автономды. Бастауыш мектеп – 74 бала.

            Қайрат ауылындағы орталау мектеп 1978 жылы салынған, стандартты емес жабдықталған, 100 орынға арналған ғимарат. Бұл ұйымда 79 оқушы білім алады. Жылыту түрі – автономды. Бастауыш мектеп – 9 бала.

            Казатком ауылындағы орталау мектеп 1954 жылы салынған, стандартты емес жабдықталған, 96 орынға арналған ғимарат. Бұл ұйымда 127 оқушы білім алады. Жылыту түрі – автономды. Бастауыш мектеп – 10 бала.

            Мектептерде – 11 интерактивті тақта бар, жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықталған: физика – 1, биология – 1. Бүгінгі таңда барлық мектептер интернет желісіне қосылған, компьтер жабдықтары 1 компьютерге 10 оқушыдан келді.

            Ақши және Казатком ауылдарында Бәйдібек би ауылынан 36 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылған, ара қашық 14 шақырым.

            Округтегі 3-6 жас аралығындағы балалар саны – 264, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде – 253 немесе 95,8% қамтылған.

 

            Денсаулық сақтау

            Ауылдық округ аумағында 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік пункт бар. Дәрігердік амбулатория Ақши ауылында орналасқан, 2014 жылы салынған, типтік. Көлікпен, компьютермен қамтамасыз етілген ауылдық медицина.

            Қайрат ауылындағы ФАП бейімделген ғимараты 1976 жылы, Казатком ауылындағы 1989 жылы салынған. Екеуі де мектеп ғимаратында орналасқан.

            Штаттық тізімге сәйкес медициналық персоналдың саны 2 дәрігер, 13 медициналық қызметкер.

            Қайрат, Казатком ауылдарына екі ФАП салынуы қажет, техникалық жағдайға сәйкес келмейді.

 

            Мәдениет және спорт

            Округ аумағында мәдениет үйлері жоқ.

            Ақши ауылында Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі орналасқан. 2006 жылы құрылған. Штаттық тізімге сәйкес 9 адам жұмыс істейді. Музейде қазақ қолөнерінің даму жолдарын көруге болатын, 2500 астам экспонаттарымен 6 көрме залы бар.

            Ауылдық кітапхана әкімшілік ғимаратында орналасқан, кітап қоры 6661 кітаптан тұрады, 500-ден астам оқырманы бар.

            3 мектепте спорт алаңы, футбол және воллейбол командалары бар. Барлық 6629 тұрғыннан жүйелі түрде 2109 адам спортпен айналысады, ол 31,8% құрайды.

 

            Демографиялық әлеует

            2019 жылдың 1 қаңтарына халық саны 6637 адамды құрады. 2017 жылдан бастап (6552 адам) халық саны 85 адамға артты. 01.01.2018 ж. жағдай бойынша халық саны 6299 адамды құрады.

            Аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны 3880 адамды құрайды, оның ішінде 3606 адам жұмыс істейді, оның 1008-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 197-і жұмыссыздар, оның ішінде 38-і жұмыспен қамту органдарында тіркелген. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 %.

            Туу көрсеткіші жоғарылап, өлім деңгейі төмендеуде, нәтижесінде халықтың табиғи өсімі байқалады.

 

            Қоғамдық қауіпсіздік

            Учаскелік полиция бөлімі жұмыс істейді. Өрт сөндіру бөлімі жоқ, округ орталығы аудан орталығынан 12 шақырым.

            Округте қатты қалдықтар полигоны жоқ.

 

 

 

 

 

2.2 Мәселелер мен тәуекелдер

 

-    Ақши ауылы бойынша жалпы ұзындығы 42 км құрайды, оның 65% тозған, ТҚС саны 13 олардың 60% тозуға жатады. Техникалық жағдайға сәйкес келмейді, жалпы сомасы 125,0 құрайтын қаржыландыру қажет.

-    Казатком ауылы бойынша жалпы ұзындығы 13,6 км құрайды, оның 65% тозған, ТҚС саны 4 олардың 65% тозуға жатады. Оның 8,84 км техникалық жағдайға сәйкес келмейді, жалпы сомасы 50,0 құрайтын қаржыландыру қажет.

-    Қайрат ауылы бойынша жалпы ұзындығы 7,06 км құрайды, оның 55% тозған, ТҚС саны 3 олардың 65% тозуға жатады. Оның 3,86 км техникалық жағдайға сәйкес келмейді, жалпы сомасы 25,0 құрайтын қаржыландыру қажет.

-    Саз ауылы бойынша жалпы ұзындығы 7 км құрайды, оның 60% тозған, ТҚС саны 5 олардың 65% тозуға жатады. Оның 4,2 км техникалық жағдайға сәйкес келмейді, жалпы сомасы 125,0 құрайтын қаржыландыру қажет.

            Ақши ауылындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 22,31 км құрайды, оның ішінде 11,18 км асфальтталған, 11,13 км асфальталуды қажет етеді, техникалық жағдайға сәйкес келмейді, барлығы 30,0 қаражат қажет.

            Қайрат ауылы ішіндегі топырақ жол. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4,08 км құрайды, 3,18 км асфальтталған, техникалық жағдайға сәйкес келмейді, барлығы 10,0 қаражат қажет.

            Казатком ауылы ішіндегі топырақ жол. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3,93 км құрайды,2,53 км асфальтталған, 1,4 км асфальталуы қажет, техникалық жағдайға сәйкес келмейді, барлығы 15,0 қаражат қажет.

-                Қайрат ауылына жаңа орталау мектеп керек. Техникалық жағдайға сәйкес келмейді, барлығы 450,0 қаражат қажет.

-                Казатком ауылына жаңа орталау мектеп керек. Техникалық жағдайға сәйкес келмейді, барлығы 450,0 қаражат қажет.

           

 

ІІІ. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС – ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс шара атауы Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі

(мың теңге)

Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6

І. ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

1.1 Елді мекендерді жарықтандыру Аяқталған жұмыстар актісі 2 700,0 ЖБ 2019
1.2 Санитарлық тазлықпен қамтамасыз ету Аяқталған жұмыстар актісі 600 ЖБ 2019
1.3 Көгалдандару Аяқталған жұмыстар актісі 1 000,0 ЖБ 2019

ІІ. КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

2.1 Ақши ауылындағы жолдарды ағымдағы жөндеу Аяқталған жұмыстар актісі 10 520,0 ЖБ 2019
ІІІ. БАСҚАЛАР
3.1 Ақши ауылындағы үймен біріккен Учаскелік полиция пунктінің құрылысы Аяқталған жұмыстар актісі 22 820,0 ЖБ 2020

Ескерту: Жоғарыда көрсетілген іс – шаралардың орындалуына жауапты ММ «ауданның, ауылдың, ауылдық округ әкім аппараты».

Ақши ауылдық округ әкімі                                       С.Айтбаев

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру