Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы 29 қазан 2019 жылдың 1 қазанына қарасты БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы 29 қазан 2019 жылдың 1 қазанына қарасты БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы
10,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар
сомасы – 10,2 трлн теңге; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар
сомасы – 233,6 млрд теңге және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы -
1,9 млрд теңге болды.
Жыл басынан бері зейнетақы жинақтары 1,04 трлн теңгеге немесе 11 пайызға өсті. Бұл
ретте зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша түсімдер – 714,3 млрд теңге; таза
инвестициялық табыс көлемі – 481,9 млрд теңге және зейнетақы төлемдері – 154,2 млрд теңге
болды.
Есепті кезеңде БЖЗҚ-да 308,5 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Оның ішінде 273,6 мың
шот МЗЖ есебінен ашылғанын айта кеткен жөн. Ал бұл шоттардың 64 пайызын 30 жасқа дейінгі
салымшылар ашқан. Қарастырылып отырған кезеңде ай сайынғы міндетті зейнетақы
жарналарының орташа сомасы – 17 149 теңгеге жетті.
2019 жылдың 9 айы ішінде белсенді салымшылардың саны – 6,1 млн адам, олардың ішінде
6 және одан да көп жарна жасағандар – 4,6 млн адам болды.
(2018 жылы белсенді салымшылардың саны – 6,4 млн адам, олардың ішінде 6 жарнадан 12
жарнаға дейін аударғандар саны – 4,96 млн адам болған еді).
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында салымшылар мен алушылардың
шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 481,9 млрд теңгеден асты. Бұл ретте
зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде 8,4 пайызды құрады. Бұл кезеңде
инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің табыстылығы
инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық оң сипатқа ие болып отыр.
Жыл басынан бері зейнетақы төлемдері 154,2 млрд теңгеге жетті. (Бұл өткен жылдың
сәйкес көрсеткішінен 23,2 млрд теңгеге немесе 18 пайызға жоғары). Оның ішінде:
- зейнет жасына толуға байланысты – 51,0 млрд теңге;
- 1 және 2 топтарда мерзімсіз мүгедектігі бар жандарға – 1,3 млрд теңге;
- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 35,1 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша – 20,2 млрд теңге;
- жерлеуге байланысты – 2,3 млрд теңге;
- басқа тұлғаларға – 0,1 млрд теңге;
- өмірді сақтандыру бойынша компанияға (ӨСК) – 44,1 млрд теңге төленді.
Кесте бойынша ай сайынғы төлемдердің орташа сомасы 21 022 теңгені құрады. Бұл ретте
ең жоғары төлем 514 666 теңге болды.
МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1,1 млн теңгеге жетті. Оның
ішінде жинақтардың орташа сомасы ерлерде – 1,2 млн теңге, ал әйелдерде – 0,92 млн теңгені
құрады. Бұл ретте зейнетақы жарналарын Қорға 20 жыл бойы тұрақты аударып келген ер
азаматтардың жинақ ақшасының орташа көлемі – 5,1 млн теңге, ал әйелдерде – 3,9 млн теңгеге
жетті.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының маңыздылығы және зейнет жасы туралы ерте бастан
ойлану керектігі туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді.
Мысалы, 2019 жылдың 9 айы ішінде ел өңірлеріндегі түрлі кәсіпорындарда 25,5 мың көшпелі
шара жүзеге асырылды. Бұл кездесулерге 738,5 мың адам қатысты.
Есепті кезеңде зейнетақы қызметтерін көрсету аясында барлығы 13,4 млн операция жүзеге
асырылды. Олардың басым бөлігі, яғни 10,8 млн операция (немесе 80,7%) электрондық үлгіде
орындалды. Есепті кезеңде БЖЗҚ кеңселерінде 2,5 млн қызмет көрсетілді. Қордың
республикалық, облыстық маңызға ие қалаларда және аудан орталықтарында орналасқан 215
кеңсесінде күн сайын 14 мыңдай операция жүзеге асырылады. Бұдан басқа «Қазпошта» АҚ-тың
194 елдімекенде орналасқан бөлімшелерінде БЖЗҚ қызметтері ішінара қолжетімді.
БЖЗҚ-ның әр түрлі байланыс арналары (байланыс орталығы, әлеуметтік желілер,
мессенджерлер және т. б.) арқылы ел азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері
бойынша қойған 508,2 мың өтініші қаралып, өңделді.
Тұрғындарға арналған «Ашық есік күндері» және журналистер мен сарапшыларға арналған
«Қаржы журналистикасы мектебі» шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Олардан басқа
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес сарапшыларымен үш ай сайын кездесу өткізіледі.
Қор сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жетілдіру
жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Мысалы, Қор мамандарының күшімен әзірленген ұялы
қосымша таяуда қайта жаңартылып, оны қолдану барынша ыңғайлы бола түсті. Еске саламыз,
Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы
шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді,
шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен
мекенжайларын көруге болады. Енді осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты.
Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал
топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы
арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын
сұрақтарға жауап алуға болады.
 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және
акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін
сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1
қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау
қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын
тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге
асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ
www.enpf.kz сайтында).
 
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8955828
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
28854
0
98990
8844303
193829
187110
8955828

Сіздің ІР: 34.204.203.142
Қазір: 2019-11-21 11:12:27
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру