Әлеуметтік көмек төмендегі санаттарға жататын азаматтарға көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары;
5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтар;
6) әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңының 2 бабының 1 тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 93 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 329 бұйрығына сәйкес.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатынының 2015 жылғы 22 сәуірдегі «Еңбекшіқазақ ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 45-2 шешіміне сәйкес «Тұрғын үй көмегін» жергілікті бюджет қаражаты есебінен Еңбекшіқазақ ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасылар (азаматтар) алуға құқығы бар.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 қарашадағы «Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 20-4 шешіміне сәйкес әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 қарашадағы «Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 20-5 шешіміне сәйкес оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Еңбекшіқазақ ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Айсина
Мекен жайымыз: 040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы, Алматы көшесі, 209, байланыс телефондар: 8(72775) 42436, 42786.