Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Назар аударыңыз
  • Орындау мүмкін болмады: /usr/sbin/sendmail
  • Орындау мүмкін болмады: /usr/sbin/sendmail
  • Орындау мүмкін болмады: /usr/sbin/sendmail
  • Орындау мүмкін болмады: /usr/sbin/sendmail
  • Орындау мүмкін болмады: /usr/sbin/sendmail
  • Орындау мүмкін болмады: /usr/sbin/sendmail
  • Орындау мүмкін болмады: /usr/sbin/sendmail
  • Орындау мүмкін болмады: /usr/sbin/sendmail
  • Орындау мүмкін болмады: /usr/sbin/sendmail
  • Орындау мүмкін болмады: /usr/sbin/sendmail

Басқа

Құрметті интернет ресурсын пайдаланушы!

Сұрақ қоймастан бұрын  Сізден төмендегі ережелерді сақтауды өтінеміз: 

1.  Сіз өтінішіңізде тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз. 
2.  Сауалыңыз тек Еңбекшіқазақ ауданының өңірлеріне қатысты болуы тиіс. 
3.  Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн. 
4.  Егер Сіздің сұрақ-шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет. 
5.  Бұл сұрақтарға толық әрі жедел жауап беру және көрсетілген деректердің анық –қанығына жету үшін, шағымданушы автор өзінің аты-жөнін, нақты электронды поштасын (e - mail) және телефонын  көрсетуі қажет.

Келесі сипаттағы сұрақтар қаралмайды:

  • Құрамында балағат сөздері бар сұрақтар;
  • Мәтіні оқылмайтын және түсініксіз қысқарулары бар сұрақтар;
  • сұрақ жолданған адамның құзыретіне жатпайтын мәселені көрсететін сұрақтар.

Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдырады. 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңының кейбір баптары:

           5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер

1. Мыналар қарауға жатпайды: 
          1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш; 
          2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш. 
          2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.

         6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар

         1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. 
         2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.
       Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi. 
      3. Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

       8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

      1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
      2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
       3. Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады. 
      4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.


Жазба қосу


Пікірлер   

+1 # Тамара Қалқанбай 2017-01-25 21:36
Сәлеметсіз бе? Мен Өрікті ауылының тұрғынымын. Қояйын деген сұрағым, үйге үй телефоны, интернет кіргізу жайында. Дұрыс категорияны таңдадым ба, білмей тұрмын. Желтоқсан айында мен Қазақтелеком да үй телефоны және интернет желісін орнатуға өтініш берген болатынмын. Алайда маған келген жауап "Күту" болды. Олар маған телефон желісін қою үшін шкафда бос орынның жоқтығын айтты. ол шкафда 10 орын болады екен, бір ғана үй үшін олар жаңасын қоя алмайды екен. Осыны түсінбедім. мен сонда біреу телефоннан бас тартсын, или тағы 5 үй қашан телефон қоюға өтініш беретінін күтуім керек пе ? не үшін ? Бір үйге телефон желісін қойып бере алмаса олар не жұмыс істеп отыр ? ауылдың дамыған түрі осыма ? қәзір телефон, байланыс, әлеуметтік желі деген ең қарапайым нәрсе емес па ?
Содан соң тағы бір сұрағым, Бәйдібек би ауыл жаққа телефон желісін олар өтініш бермей ақ жақында қойылады деп естідім. Ал ол қызмет біз жаққа қашан келеді ? ең болмаса сол келсе деймін.
жауабыңызды күтемін. Алдын ала Рахмет!
Жауап
0 # А.Жолдыбаев 2017-02-07 12:42
Т.Қалқанбайға
Өрікті ауылы
Подгоная көшесі № 6


Сіздің телефон нүктесін орнату туралы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жеке блогына жазған сұранысыңызға төмендегіні хабарлаймыз:
Еңбекшіқазақ ЖТЦ бастығының хабарлауы бойынша 2017 жылдың қаңтар айында жоспардан тыс жұмыстар жүргізілуіне байланысты Сіздің өтінішіңіз қарастырылып телефон нүктесін орнатып беруге мүмкіндік бар екендігін хабарлаймыз.

Қосымша: 06.02.2017ж. Еңбекшіқазақ ЖТЦ бастығы Ж.Р.Саденовтың № 27-3/834 хаты (Сіздің электронды поштаңызға жіберілді).

Рахат ауылдық округінің әкімі А.Жолдыбаев

Орындаған Б.Искелдиев
Тел.37217
Жауап
0 # Бердыханова Жадыра 2019-04-09 16:11
Менің тұрғын үй кезектегі тізім бойынша нешінші тұрғанымды білгім келеді?
Жауап
0 # Д.Мәлібеков 2019-04-11 12:08
Аудан әкімінің жеке блогына жолдаған сауалыңызға аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудан әкімдігіне жазған өтінішіңіз негізінде аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде, Сіз мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардын қызметкерлер санатында 25.10.2018 ж. бастап 775 кезекте тұрғандығыңызды хабарлайды.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 01.04.2018 ж. дейін тұрғын үйге кезекке тұрған азаматтардың тізімін 2018 жылғы қараша айында жарияланған «Еңбекшіқазақ» (№44,46,47,50) және «ЗакупИнфо» (№211,212,214,2 15,220) газеттерінің сандарынан және интернет-ресурс ының «Инфраструктура жәна құрылыс» бөлімінен қарауыңызға болады.
01.04.2019 ж. дейін тұрғын үйге кезекке тұрған азаматтардың тізімі мамыр айында интернет-ресурс ына және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Электронды цифрлық қолтаңба болған жағдайда тұрғын үйге кезектің нөмерін www.egov.kz порталы арқылы қарауға болады. «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті орган жалдаған тұрғын үй кезегінің нөмерін қарау» электронды қызмет тегін және портал арқылы өтініш берген сәтте көрсетіледі.
Аталған қызметтің электрондық форматқа аударылуы тұрғын үй-коммуналдық саласындағы орын алатын сыбайлас жемқорлықты азайтуға және мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын оңтайландырып, азаматтарға тұрғын үй кезегін қадағалауды жеңілдету үшін енгізілген.
Жауап
0 # Ғалия 2019-07-11 10:18
Сәлеметсізбе,Би налі Абдықапасұлы!ме н Есік қаласының маңындағы №4 саяжайдың тұрғынымын.Мені ң көтергелі отырған мәселем ауыз су мәселесі.Соңғы 3 жылда ауыз судың мәселесі шешілмей келе жатыр.Рахат округінің әкіміне де бардық,звондап та сөйлестік.Мәсел ені шеше алмады.Ендігі үмітіміз сізде ғана.Сіз осы ауыз су мәселесін қарастырып берсеңіз.Алдын ала рахмет!
Жауап
0 # Ардақ 2020-06-30 22:17
Еңбекшіқазақ ауданының прокурорына

Еңбекшіқазақ ауданының Әкіміне

Еңбекшіқазақ ауданы ұлттық қауіпсіздік комитетіне

Жақудаұлы Ардақтан
мекен жайым: Алматы облысы, Байтерек ауылы, «Рубин» саяжайы, 15 участок
тел.87082988766


Арыз

Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2020 ж. 12 маусым күнгі Қаулысына сәйкес мен ҚР ӘҚБТ Кодексінің 434 бабы 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандығы үшін кінәлі деп танылдым.
Бұл Қаулыны заңсыз деп есептеймін. Сәйкесінше бұл қаулыға тиісті шағым түсірдім.
Полиция қызметкері осы істі тексеру барысында өрескел қателіктер жіберді, менің құқықтарым мен бостандықтарымд ы аяқ асты етті. Осы даудың шығуына себепкер болған кінәлі адамдарға арыз жазам деген де, «саған арыз жазылды, сен түсініктеме берсең жетеді» деп менің құқымды шектеді. Осы оқиға барысында анықталған «Атамекен» жанармай құю бекеті қызметкерлері тарапынан орын алған өрескел заң бұзушылық фактілер туралы мен бірнеше рет айтсам да, өзі мендегі видеожазбаларда н көрсе де еш шара қолданбады, осы фактілерге тиісті шара қолдануға міндетті тұлға болса да көз жұма қарады.
Жағдай былай болды. Өзім сол бекетке жақын орналасқан саяжай массивінде тұрамын. Інім, ұлым үшеуміз, Бекет жанында орналасқан бейіт басына, жақында қайтыс болған жеңгемнің бейітіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп қайтып келе жаттық. Темекі алу үшін Бекетке бұрылып ішке кірдім. Кассада отырған қазақ қызға темекі алу үшін қазақша сөйлей бастағанымда, ол орысша жауап бере бастады. Мен оны алғашында жай ескерттім. «Мен үйіңе келіп тұрған жоқпын, қазақша сөйлесем, сен қазақша жауап беруге міндеттісің деп». Менің талабым толық заңды деп есептеймін. Шудың шыққан негізгі себебі осы болды. Осы сөзіме бола, ол темекіні алдыма лақтырып жіберді. Бұл жағдайда менің тарапымнан эмоцияға беріліп, өз құқымды талап ету мақсатында «сонда не мен өз жерімде қазақша сөйлей алмаймын ба?» деген сарындағы сөздер шыққаны рас. Ал осы кезде жаныма ұлты басқа екі әйел келіп, /сөздері мен істеріне қарағанда осы Бекет жұмысшылары/, мен тағы ішетін су алайын дегеніме қарамай сыртқа итере бастады. Мен бұл әйелдер мен еш қандай жағаласқан жоқпын, сыртқа шықтық. Бекеттің ішінде де, сыртқа шыққанда да бұл әйелдердің тарапынан мемлекеттік тілге құрметсіздік танытатын сөздер, орыс тілінде ауыр балағат сөздер, анайы жест, және ең ауыры «алқаш қазақ» деп ұлтты балағаттағаны. Осы көрсеткен жағдайлардың барлығы менің інім өз телефонына түсірген видеожазбаларда бар. Менің кінәм, мені «кінәлі» жасаған, күндіз жұмыстан шаршап ішкен пивом болды.
Осы фактілер бойынша Бекет жұмысшыларын бұзақылық, ұлт аралық аразыдықты қоздыру, мемлекеттік символдарға, Президентке құрметсіздік таныту, тіл тигізу, ұлтқа тіл тигізу фактілері бойынша шара қолдануды сұраймын.
Сонымен бірге, осы жағдай кезінде белгілі болғанындай Бекет қызметкерлеріні ң іс әрекетіндегі, және осы Бекеттің іс әрекетіндегі өрескел заң бұзушылықтарға тиісті тиісті мемлекеттік құзырлы органдар арқылы қатаң шара қолдануды сұраймын.
Атап айтқанда, аты –жөні маған беймәлім, Бекет қызметкері жанар май құю колонкасынан бес метрдей жерде емін-еркін темекі тарту фактісі анықталды. Бұл жағдай інім өз телефонынан түсірген видеожазбада анық бейнеленген. Інімнің ескертуіне қарамай, біздің, жан-жақтағы тұрғындардың өміріне, мүлкіне үлкен қауіп тудырып, темекісін тартуды жалғастыра берді. Бекет аумағында темекі шегу емес, тіпті телефон қолдануға тиым салынған.
Сонымен қатар бұл Бекетте ҚР ҚН 4.03-02.2012 «Автомобильдік жанармай станциясы - автомобильдік газды жанармай станциясы. Жобалау нормалары» нормативтік актісінде көрсетілген талаптар және «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» Техникалық регламентінің талаптары өрескел бұзылған. Атап айтқанда, ҚР ҚН 4.03.02.2012 нормативтік құжаттың 9.1.9., 9.3.6., 9.3.7., 9.4.1., пункттары сақталынбаған. Көрсетілген Техникалық регламенттің 1397, 1398, 1401, 1402, 1405, 1408 пункттары өрескел бұзылған. Былайша айтқанда, Бекет қызметкерлеріні ң арнайы (спецодежда) киімі жоқ, өрт сөндіру құралдары жоқ, автоматикалық өрт сөндіру жүйесі жоқ, электрприборлар ы еш талаптарға сай келмейді, ешқандай ескерту белгілері (темекі шекпе, жылдамдықты шектеу, телефон қолданба) жоқ.
Бұл біздің тек визуалды түрде байқаған заң бұзушылықтар, біздің тұрғылықты жайларымыз осы Бекетке жақын орналасқандықта н мұнай өнімдерін сақтау қоймасын (резервуарларды ) толықтай тексеруді сұраймыз.
Осы шағымның бір данасын Аудан Әкіміне жолдау мақсатым, аудан халқының арасында мемлекеттік тілді, ұлттымыздың құндылықтарын, ел Президентін еш сыйламайтын, тіл тигізетін азаматтардың аз емес екенін жеткізу. Егер де сол сөздерді айтқан ер адамдар болған да арада ірі төбелес болуы, оның арты ұлт аралық қақтығысқа әкелуі әбден мүмкін еді. Бұл әкімшіліктің жұмысындағы кемшіліктер деп есептеймін.
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне осы арыздың бір данасын жолдау мақсатым мынау. Осы Бекеттің іс әрекетіндегі өте өрескел заң бұзушылықтар, қызметкерлеріні ң «не істеп аласың» деген әрекеттері, осындай орындардың іс әрекетін қадағалайтын органдардағы сыбайластық, жемқорлық фактілерімен тікелей байланысты деп есептеймін. Осы бойынша тексеру жүргізуді сұраймын.
Жауап
Menu

Категориялар (тақырыбын таңдаңыз және сұрақ қойыңыз)

Қазақстандағы ауа-райы
Подробнее на сайте: https://focmedicine.ru
https://natural-cure.ruhttps://washealth.ruGo to top of pagehttps://keepmedicine.ru
https://medicinego.ru https://safemedicine.ru https://chinese-medicine.ruhttps://whitemedicine.ru https://rankmedicine.ru https://medicineway.ru https://yetimedicine.ruhttps://bravemedicine.ru
https://enjoymedicine.ruhttps://dearmedicine.ruGo to top of pagehttps://indianmedicine.ru
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру